Бүгін: 22.02.2020
«Бiздiң елiмiзде 1 млн 200 мыңнан астам кәсiпорын мен жеке кәсiпкер жұмыс iстейдi. Шағын және орта бизнес секторында 3 млн-ға жуық адам еңбектенуде. Республиканың әлеуметтiк жағдайы олардың жұмысына тәуелдi»Н.Ә. Назарбаев

Приозерск қаласы прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, заңсыз тексерудің алдын алу және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында мобильдік топ құрылды.

Мобильдік топтың сенім телефондары болып: 5-46-94, 7-01-14 антықталды.

Кәсіпкерлік қызметін заңсыз тексеру мен мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау фактілері орын алған жағдайда кідірмей, көрсетілген сенім телефондарына хабарлай аласыздар.

Сонымен қатар, қала прокуроры жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма), күнделікті сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін қала прокуратурасының ғимаратында жеке және заңды тұлғаларды қабылдайтынын еске саламыз.

Қала прокуратурасының мекежайы: Приозерск қаласы, Достық көшесі, 8 үй.