Бүгін: 08.08.2020
«Бiздiң елiмiзде 1 млн 200 мыңнан астам кәсiпорын мен жеке кәсiпкер жұмыс iстейдi. Шағын және орта бизнес секторында 3 млн-ға жуық адам еңбектенуде. Республиканың әлеуметтiк жағдайы олардың жұмысына тәуелдi»Н.Ә. Назарбаев

Приозерск қаласы аумағының кіші алаңында 2020 жылдың 14 наурыз  күні  ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі  ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Жамбыл облысының Шу ауданы мен қаланың жергілікті кәсіпкерлері қатысты.

 

 

 

 

 

Жәрмеңкеде  келесі өнімдер сатылды:

Ет өнімдері – 2,1 тн;

Көкөніс өнімдері  – 2,6 тн;

Жеміс-жидектер  –  0,8 тн;

Бакалей өнімдері  – 1,1 тн;

Сүт өнімдері – 0,1 тн;

  Жәрмеңкеде сатылған барлық өнімдердің соммасы 1,677 мың теңгені құрап,  көлемі 6,7 тоннаны  қамтыды.

  Жәрмеңкеде қала тұрғындары жоғарыда аталған азық-түлік өнімдерін  нарықтық бағадан 10-15 %-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.