Приозерск қаласы аумағының кіші алаңында 2020 жылдың 17 қазан күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Жамбыл облысының Тараз қаласы мен қаланың жергілікті кәсіпкерлері қатысты.Жәрмеңкеде келесі өнімдер сатылды:
Ет өнімдері – 2,1 тн;
Көкөніс өнімдері – 6,6 тн;
Жеміс-жидектер – 0,7 тн;
Сүт өнімдері – 0,2
Жәрмеңкеде сатылған барлық өнімдердің соммасы 2 млн. 388 мың теңгені құрап, көлемі 9,6 тоннаны қамтыды.
Жәрмеңкеде қала тұрғындары жоғарыда аталған азық-түлік өнімдерін нарықтық бағадан 10-15 %-ға төмен бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.